Жамбыл облысында бүгінде 18 томографиялық аппарат жұмыс істеп тұр. Жуырда ғана Қордай, Талас аудандарына бұрын болмаған аппараттар қойылды. Орта есеппен 1 аппарат тәулігіне 96 науқасты түсірсе, ал 14 аппарат 1344 адамды қарауға қауқарлы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, алдағы уақытта өңірдегі медициналық мекемелерге қосымша тағы 4құрылғы алу жоспарлануда. Сондықтан да халыққа компьютерлік томографиядан өту үшін енді апта бұрын жазылып, кезек күтудің немесе шалғай ауылдық елдімекеннен облыс орталығына келудің қажеті жоқ. Бүгінде барлық емдеу мекемелерінде бар құрылғылар халыққа тәулік бойы, үздіксіз қызмет көрсетуде. Коронавирус індетіне шалдыққан науқастардың ауру деңгейін анықтайтын компьютерлік томография құрылғыларының 8-і мемлекеттік, 10-ы жекеменшік медициналық орталықтарда орналасқан.