• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Тамыз, 2021

Қазақстан елшісі Қатардың сауда және өнеркәсіп министрімен кездесті

251 рет
көрсетілді

Қазақстанның Елшісі Арман Исағалиев Қатардың сауда және өнеркәсіп министрі, Қазақстан-Қатар жоғары деңгейлі комиссиясының тең төрағасы Әли бен Ахмад Әл-Кауаримен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде Қатар Әмірінің Нұр-Сұлтанға мемлекеттік сапарын ұйымдастыру, тікелей әуе рейстерін ашу, сондай-ақ екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, екіжақты өзара іс-қимылдың басым бағыттарын және Қазақстан аумағында перспективалық инвестициялық жобаларды іске асыруды талқылау үшін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҮАК тең төрағасы Әлихан Смайылов бастаған қазақстандық делегацияның Дохаға алдағы сапарының кейбір аспектілері қаралды.