Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 12 мониторингтік топ күн сайын адамдар көп жиналатын мейрамханалар мен дәмханаларды тексереді, деп жазады Egemen.kz.
«Мониторингтік топтар соңғы үш күнде 100-ден астам орынға тексеру жүргізді. Нәтижесінде «Royal Hall», «Император» мейрамханалары мен «Café inn», «Foodline», «Ginza», «Аққайын» кафелерінде, «Sky» бары, «Wine Time», «Донерстан», «Neft street food» тамақтану орындары мен «БР-2» серуендеу кемесінде карантиндік шектеулер бұзылғаны анықталды. Ал, Алмалы ауылдық округінде 50-ден астам адамның қатысуымен өтіп жатқан отбасылық іс-шара тоқтатылды» деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.