Алматының Медеу ауданындағы Гоголь-Абдуллин көшелерінің қиылысында үлкен терек құлап, сегіз көлікті басып қалды, деп жазады Egemen.kz.
«13 тамыз күні кешкі сағат 18:35 -те «112» пультіне Абдуллин 27 «А» үйінің жанында ағаш құлағаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына 109 құтқару қызметі жіберілді. Белгілі болғанындай үлкен ағаш сегіз көлікті басып қалған. Оқиға орнында 2 техника, «109» құтқару қызметінің 4 қызметкері, Төтенше жағдайлар департаментінің 5 маманы жұмыс істеді», деп хабарлады Төтенше жағдай департаментінен.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.