Жамбыл облысының Аспара-Шу аралығындағы пойыз қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жамбыл облысының Аспара-Шу аралығындағы пойыз қозғалысын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Пойыз қозғалысының бір жолы түнгі 02.15-те ашылды. Бірінші болып контейнерлік пойыз, одан кейін Шымкент - Нұрсұлтан бағытындағы № 712 «Тальго» жолаушылар пойызы өтті. Қарсы бағыттағы қозғалыс таңғы 8.20-да ашылды», делінген хабарламада.
Қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарына арнайы темір жол және автотрактор техникасы, 75 жұмысшы жұмылды.
Еске салайық, Меркі өңірінің тауларында қар аралас нөсер жаууы салдарынан автожол мен темір жол көпірін су басқан еді. Салдарынан пойыздар уақытша тоқтап тұрған болатын.