• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Тамыз, 2021

Алматылық зейнеткер немересімен бірге есірткі өсірген

200 рет
көрсетілді

Алматыда 76 жастағы зейнеткер немересімен бірге есірткі өсірген, деп жазады Egemen.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматының Алатау ауданындағы «Әйгерім» ықшам ауданындағы үйлердің бірінің 76 жастағы тұрғыны немересімен бірге «канопля» және «марихуана» есірткілерін заңсыз өсірген.

«Г.есімді әйелдің тұрғылықты жерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар өсімдік тектес 117 бұта табылып, тәркіленді. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі – кептірілмеген марихуана, жалпы салмағы 6 келі 680 грамм екені анықталды. Қазіргі уақытта Алатау ауданының ПД-де ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.