Сәбит Мұқановтың туғанына 110 жыл толуына арналған көлемді шара жайдары жазда аталып өтпек. Оған дейін ұйымдастырылған алқалы басқосулар академик жазушының өмірі мен шығармашылығын әр қырынан танытты. Сондай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың бірі “Сәбит Мұқанов: ұлттық әдебиет, мәдениет және тарих” деген атпен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де өтті. Оған ақын Кәкімбек Салықов, басқа да өнер қайраткерлері қатысып, Сәбең жайлы естеліктер айтты.
Ал облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында еліміздің бір топ зиялы қауымының, жұртшылықтың Тимирязев ауданына жерлесіміздің есімін беру туралы ұсыныстары халық қалаулылары тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Сөйтіп, Қызылжар өңірінде барлық аудандар қазақшаланды.
Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.