Global Wealth Management өкілдері жыл басында алтынның бір унциясы 1900 доллар болса, қазір 1770 долларға түскенін айтады. Алдағы уақытта баға 1600 долларға дейін төмендеуі ықтимал, деп жазады Egemen.kz.
Сарапшылар тәуекелдің алдын алуға әрекет жасау керек дейді. Тіпті алтын активтерінен бас тартып, нарықтан кетуге үндеп жатқандар бар. Ал Goldman Sachs жыл аяғына қарай алтын унциясы 2 мың долларға сатылуы мүмкін деп отыр. Бұл, әрине, болжамдар. Осы аптада федералды резервтік жүйе отырысы өтеді. Яғни инвесторлар мәселені жан-жақты саралап көреді. Әзірге ең тиімді бағалы металл ретінде платина бағаланып отыр.