• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Тамыз, 2021

Атыраулықтар Маңғыстауға 30 тонна шөп жіберді

876 рет
көрсетілді

Ресеймен шекарадағы Құрманғазы ауданында Мақаш ауылдық округінің тұрғындары Маңғыстау облысына 30 тонна орама шөп жіберді, деп жазады Egemen.kz.

«Атырау мен Маңғыстау – ежелден қоңсы қонған, төскейде малы қосылған өңірлер. Бұрын бір облыстың құрамында да болды. Табиғаты да, экономикасы да бір-біріне ұқсас. Алайда, биыл көршілес Маңғыстаудағы қуаншылық төрт түлікке қиын болып тұр. Бұл біздің де жанымызға батты. Сол себептен, біздің ауылдың азаматтары маңғыстаулықтарға көмек ретінде 30 тонна орама шөп жіберуге бастама көтерген еді. Біздің бұл бастамамызға ауданның, ауылдық округтің әкімдері қолдау білдірді», дейді ауыл тұрғыны Жеңіс Әбілхайыров.

Оның айтуынша, шөп дайындауға Мақаш ауылдық округінің Жалғас Симон мен Есболат Құбашев бастаған 40-тан астам тұрғыны, «Мақаш» өндірістік кооперативі, үш шаруа қожалығы атсалысқан. Олар 25 күнде әрқайсысының салмағы 300 келіні құрайтын 100 орама шөп дайындап, көрші облысқа жіберді.