Британдық The Economist журналы өмір сүру ең қымбат қалалардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Energyprom.kz жазуынша, сарапшылар әлемнің 133 қаласындағы 140-тан астам тауар мен қызмет бағасын салыстырған.
Алматы 129-орында тұрақтады. Рейтингке сәйкес, тек Каракас, Лусака, Ташкент және Дамаскі қалаларында тұру арзанырақ. Бұл тізімге ену Алматының өмір сүру құны жоғары қала екенін білдіреді.
Рейтинг көшбасшылары: Цюрих, Париж және Гонконг қалалары.