Шри-Ланка Денсаулық сақтау министрі COVID-19-ға қарсы «бақсылықты» мақұлдауына байланысты қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса денсаулық сақтау министрі Павитра Ваннараччиді қызметінен босатты, ол COVID-19-бен күресу үшін «бақсылық пен қасиетті суды» көпшілік алдында мақұлдаған.
Ванняраччи қаңтарда бақсыдан алған «қасиетті суды» коронавирус инфекциясынан қорғау үшін көпшілік алдында қолданған. Алайда, ол COVID-19 жұқтырып, емханалардың бірінің жансақтау бөлімінде емделген. Сонымен қатар Ванняраччи Шри-Ланкадағы COVID-19 эпидемиясын тоқтатуға көмектеседі деп «қасиетті суды» өзенге құйған.Ванняраччи басшылығындағы министрлік вирус өршіп тұрғанда дұрыс жұмыс жасамағаны үшін қатты сынға ұшырады.
Ванняраччи үкіметте қалып, Көлік министрлігін басқарады. Президент кеңсесі денсаулық сақтау министрі болып, бұрынғы бұқаралық ақпарат министрі Кехелия Рамбуквела сайланғанын айтты.
Эпидемия кезінде елде вирус жұқтырғандар саны 355 мың болды, 6 096 адам вирусттан қайтыс болды.
Еске салайық, Шри-Ланкада 16 тамыздан бастап COVID-19 таралуына байланысты қатаң карантин енгізілген. Тұрғындарға сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін үйлерінен шығуға тыйым салынды.