• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2014

Оңтүстік жұрты Жолдауды талқылаған жиын өткізді

306 рет
көрсетілді

Бүгін, 20 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында айтылған міндеттерді жергілікті жерлерде іске асыру жолдарын нақтылау мақсатында актив жиыны өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында облыс әкімі Асқар Мырзахметов (1-суретте) күн тәртібіндегі мәселе орай баяндама жасады. Ол өз сөзінде: «Жаңа Жолдау Қазақстанның жаңа белестерді бағындыруына, жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізіп, қарқынды дамыған мемлекетке айналуына жол ашады... Жерлестеріміз ежелден еңбекқорлығымен, татулығымен, бәсекеге қабілеттілігімен танымал. Бұл жүктелген жаңа міндеттердің орындалуына  үлкен негіз болады», - деп атап көрсетті.

Аймақ басшысы Елбасының Жолдауда шағын және орта бизнес көлемін 2050 жылға қарай езіміздің жалпы ішкі өнімінің 50 пайызын қамтамасыз ететін  деңгейге жеткізу қажеттігін айтқанын мысалға келтірді. Облыстың бұл саладағы табыстары жыл санап артып келеді. Биыл облыс нарығында белсенді жұмыс істейтін шағын бизнес субьектілерінің саны 125,8 мың бірлікті құрады. Ал олар өндірген өнім − 534,1 млрд. құрап, жұмыспен қамтылғандар 279,6 мың адамға жетті.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау үшін қазынадан 6,9 млрд. теңге қарастырылды. Бұл тұрғыда облысымыздың Елбасы тапсырмасын орындауда мүмкіндігі мол.

Жолдауда айтылған әлеуметтік салаға қатысты міндеттер өңірде жоспарға сай жүзеге асады. Осы жылы 107 білім нысанының құрылысына 32,4 млрд. қаржы бөлінді. Жыл соңына дейін 50 нысан ел игілігіне беріледі. Осылайша 28 апатты, 3 үш ауысымды мектептің мәселесін шешіледі. Денсаулық сақтау саласында жаңа 42 нысан салынады.

2014 жылы облыс аумағындағы мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік қолдауды жақсарту үшін 1,2 млрд. теңге қаржы қарастырылды.  Сондай-ақ,  Сарыағаш, Мақтарал, Сайрам, Түлкібас аудандарында мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары ашылады. 

Жолдаудағы Шымкенттің ірі қалалар агломерациясына енгізіліп, заманауи урбанистік орталыққа айналуы оңтүстікқазақстандықтарға зор міндет жүктейді. Бұл бағытта нақты жұмыстар жасалуда, облыс орталығына 40 елді мекен қосылып,  халық саны 145 мыңға артып отыр.

Халқы еңбекшіл елдің экономикасы өрісті, қоғамы тұрақты, тұрмысы түзу болатыны белгілі. Бүгінгі жаһандану дәуірі жүріп, техникалық даму үдерістері қарқын алған кезеңде алдымызға стратегиялық мақсаттар қойып, әлемде өзіндік орны, асқақ беделі бар мемлекет құру басты міндет. Мемлекет басшысы жариялаған саяси құжаттың мәні де осында. Қазақстандықтар бір идеяға топтасып, ортақ мақсат пен мүдде үшін, кемел келешек үшін еңбек етері сөзсіз.

Сәкен Майлыбай.

Дереккөз, суреттер: Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар