Жыл басынан бері қалада кавасаки синдромына ұқсас дерт екі баладан анықталған, деп жазады Egemen.kz azattyq ruhy.kz-ке сілтеме жасап.
Бүлдіршін 30 шілде күні «Асар» шағынауданындағы балалар ауруханасына ауыр жағдайда жедел жәрдем қызметімен жеткізілген.
Науқас бала бес күндей жансақтау бөлімінде жатып, алынған сынама нәтижесінде кавасаки тәріздес синдром анықталған еді. Ақ халаттылар қауіпті инфекцияға шалдыққан баланы емдеу үшін тиісті ем-дом шараларын жүргізіп, аяғынан тұрғызды.Дәрігерлер қауіпті инфекция коронавирустың асқынуынан пайда болатынын айтады.
«Дер кезінде диагнозын қойып, ем тағайындау арқасында баланың беті бері қарады. Оны 5 күндей жансақтау бөлімінде, одан кейін тағы 5 күн бөлімшеде қадағалап, жағдайының жақсарған соң үйге амбулаторлық бақылауға шығардық», деді Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Қаламқас Даумбаева.
Қауіпті дерттен айыққан бүлдіршін енді жергілікті емхана дәрігерлерінің бақылауында болады.