• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Тамыз, 2021

ЮНЕСКО Ауғанстандағы ескерткіштерді қорғауға шақырды

329 рет
көрсетілді

ЮНЕСКО халықаралық қауымдастықты Ауғанстандағы мәдени мұра объектілерін қорғауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ЮНЕСКО Ауғанстандағы оқиғаларды мұқият қадағалап отыр және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін БҰҰ жүйесіндегі серіктес агенттіктермен жұмыс істейді. Ауғанстанның бай және сан алуан мұрасы - барлық адамзат үшін ерекше құндылық. Олар сақталуы керек», деді ұйымның баспасөз өкілі Том Малар.

Бұл бірінші кезекте Ауғанстанның Кабулдағы Ұлттық мұражайы, Газнидегі Ислам өнерінің мұражайы, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра объектілері - Джем мұнарасы мен Бамиан аңғарындағы мәдени ландшафт пен археологиялық олжалар.