Қазақстандық боксшы, 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев кәсіби рингте өзінің дебюттік жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
BoxRec.com ақпараты бойынша жекпе-жек 22 тамызда Серік Сәпиев атындағы Қарағанды бокс орталығында бокс кеші аясында өткізіледі.
Қайраттың қарсыласы Өзбекстан өкілі Бахыт Абдурахимов болмақ. Екінші жеңіл салмақтағы кездесу төрт раундқа есептелген.
Айта кетсек, ӘЧ-2017 «алтыннан» басқа Ералиевтің қызметтік тізімінде 2013 жылғы әлем чемпионатының, 2015 және 2017 жылғы Азия чемпионаттарының, сондай-ақ 2014 жылғы Азия ойындарының қола медальдары бар.