• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Тамыз, 2021

Қазақстандықтар арасында ажырасу саны азайды

867 рет
көрсетілді

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында елімізде неке қиғандар саны өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда біршама артып, ажырасу саны азайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында 64 951 неке және 9 447 ажырасу тіркелді.

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 45 038 неке тіркеліп, бірден 44,2 пайызға өсті. Ал ажырасу саны 12 747-ден 9 447-ге дейін азайып, шамамен 25 пайыздық көрсеткішке жетті.

Жыл басынан бері отау құру саны бойынша Алматы көш бастап тұр (8 322). Көшбасшылар қатарында Түркістан (7 196) және Алматы облыстары (6 712) да бар.

Ажырасу саны бойынша Алматы бірінші орында (1 286). Көшбасшылар үштігіне Алматы (954) және Қарағанды облыстары (931) енді.