• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Футбол 18 Тамыз, 2021

Футболдан Қазақстан кубогы Амангелді Сейітхановты еске алумен басталады

684 рет
көрсетілді

Еліміздің кәсіпқой футбол лигасы осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін, 18 тамыз күні ойналатын «Ордабасы» - «Қызылжар» арасындағы матчтан бөлек, ширек финалдағы 4 ойын да бір минут үнсіздіктен басталады.

«Қазақ футболының дамуына өз үлесін қосып, талай футболшылардың жалындап өнер көрсетуіне септігін тигізген спорт журналисі, комментатор Амангелді Сейітхановтың мезгілсіз қазасы қазақ футболына ауыр тигені рас. Сондай-ақ «Қызылжар» командасында ойнайтын ұлы Ерасыл Сейітхановқа да арнайы көңіл айтамыз», делінген Қазақстан футбол федерациясы таратқан хабарламада.

Айта кетейік, алғашқы матчтар 21 және 22 тамызда, ал қарымта матчтар тура бір айдан кейін болады.

Қазақстан кубогы 28 қарашаға дейін жалғасады. Бүгін белгілі спорт журналисі Амангелді Сейітхановтың денесі қара жерге табысталды.

Марқұм туған жері Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылына жерленді.