Соңғы кезде қала тұрғындары екпе алуда белсенді. Әсіресе демалыс күндері емдеу мекемелеріне тұрғындар көптеп келеді. Мәселені шешу үшін Қарақия ауданынан жылжымалы медициналық бекет жеткізілді, деп жазады Egemen.kz «Хабар 24-ке» сілтеме жасап.
Қазір ол 7-шағын аудандағы №1 емхананың ауласында тұр. Мұнда коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Күніне кемі 300-400 адам вакцина салдырады.
«Екпе алатын адам көбеюіне байланысты денсаулық сақтау басқармасымен шешім қабылданды. Қарақия аудандық ауруханасынан жылжымалы медициналық пункт жіберілді. Жұмыс кестесі бойынша таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Демалыссыз. Жексенбі, сенбі күндері де жұмыс істейді», деді қалалық №1 емхана директорының міндетін атқарушы Азамат Үсенов.