• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2014

Міндет айқын, мүмкіндік кең

312 рет
көрсетілді

Елбасының дәстүрлі Жолдауын теледидар арқылы мұқият тыңдап, баспасөзден де егжей-тегжейлі оқып шықтым. Бұлайша аса ықылас қоюымның жөні бар. Онда жаңа міндеттер жүктелетін бағдарламалық бағыт мен үшін үлкен шаруашылық жетекшісі ретінде маңызды болуымен бірге, жалпы еліміз экономикасы мен әлеуметтік, қоғамдық даму жолдарын байыптап, саралауға ой тереңдетуімен мәні бір бөлек әрқашан. Шындығын айтқанда, серіктестіктің әр жылдағы кезекті жұмыс жоспарын нақты айқындап, соны межелер белгілеуді Жолдауда алға қойылатын тапсырмаларға сәйкес жобалауды күтіп отырамыз. Басты іс-шаралар сипаты содан туындайды. Әлбетте, бұл ретте негізгі саламызға байланысты түйінді мәселелер шешімін табуға баса көңіл бөлінеді.

Республикамыздың одан әрі дамуы­ның нұсқасы анықталған осы құжат­та ауыл шаруашылығы өндірісін артты­руға қажетті бағдар да қадап айтыл­ғандай, әлемдік нарықта азық-түлікке сұраныс өсіп отырған жағдайда саланы жаңғыртуда еш босаңдық болмауын түсінеміз. Жаңа Жолдауда «Қазақстанның агроөнеркәсіп ке­ше­нінің инновациялық бағытқа көшуін қамтамасыз ету маңызды», деп айқын көрсетілді. Сондықтан істі ғылыми негізде ұйымдастыру, агротехнологиялық жаңалықтар үрдісінде жүргізу талапқа айналады.

Бір тәуірі, ұмтылысымыз нәти­жесі көңілдегідей деуге болады. Оны қолдауға арналған мемлекеттік қамқорлықтың арқасында нығая түсудегі шаруашылығымыздың экономикалық әл-қуаты қандай да міндетті іске асыруға мүмкіндік беретіндей деңгейге көтерілгенін айта аламыз. Бүгінде 30 мыңнан астам гектар алқапқа егін егуімізбен қоса, мал санын ұлғайтуға бет бұруымыз соның жарқын дәлелі. Бұрынғыға қарағанда еңбеккерлеріміздің жұмыс жағдайы анағұрлым жақсарды. Көктемгі тұқым себу, егін орағы сияқты науқандар жаңадан сатып алынып, толықтырылған заманауи үлгідегі техникалар күшімен жылдам әрі сапалы атқарылады. Сөйтіп, астық өнімдерін экспортқа шығаруға да қол жеткізіле бастады.

Тек сонымен шектеліп отыр­ға­ны­мыз жоқ. Серіктестік ірі қара тұқы­мын асылдандыруды қолға алып, мал бордақылау орнын ашты. Онда өсірі­летін қоңдылығы жоғары малдар еті сыртқы рынокқа жіберіледі. «Қазақ­стан-2050» Стратегиясында мемлекетіміздің алдында тұрған үлкен мақсаттардың бірі ауылшаруашылық өнімдерінің экспорттық әлеуетін арт­тыруға, бәсекеге қабілеттілігін күшей­туге басымдық беріліп отыр.

Жаңа жылдағы еліміз өркендеуінің тың бағытын негіздеген, жасампаздық жұмыстарға жігерлендірген Тұңғыш Президентіміз Жолдауындағы мін­дет­тер ұжым мүшелері арасында зор серпіліс туғызды. Өз өмірлерін жақсар­туға, мемлекет мерейін өсіруге бағыт­талған ортақ мақсаттың биігіне жету­ге үлес қосу әрқайсысының қасиет­ті борышы болатыны анық.

Сейітжаппар НЫҒМЕТОВ,

«Қайнар» ЖШС жетекшісі.

Қарағанды облысы,

Нұра ауданы.

Соңғы жаңалықтар