Алматы облысында екі ағайынды арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ескелді аудандық орталық ауруханасына Қарабұлақ кентінің 50 жастағы тұрғыны түскен. Ер адам халінің ауыр жағдайына байланысты аты-жөнін есіне түсіре алмай, оған не болғанын түсіндіре алмады. Медициналық көмек көрсету кезінде ол Талдықорған қаласының көпсалалы ауруханасына ауыстырылды. Онда ол есін жинай алмай, ішкі қан құйылу салдарынан қайтыс болды», деп жазады ҚР ІІМ ресми ресурсы.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі «өлімге әкеліп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бойынша СДТБТ-де тіркелді.
Жәбірленуші ағасымен бір аулада тұрғаны туралы ақпарат белгілі болды. Тергеу шаралары нақтылағандай, екі ағайынды арасында дау шығып, қақтығыс кезінде ағасы марқұмның басын екі метрлік ағашпен ұрғаны анықталды. Ұсталған Б. есімді 53 жастағы азамат өз қылмысын мойындады.