Биыл 397,6 мың адам нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысты. 288,8 мың адам жұмысқа орналасты, оның 166,3 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 14,2 мың адам жіберілді.
4,5 мыңнан астам адам - өз ісін ашу үшін жеңілдікті микрокредит, ал 18,1 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік грант алды.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 142,9 мың адам жұмысқа орналасты, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына – 15,9 мың адам, жастар практикасына – 16,3 мың адам, қоғамдық жұмыстарға – 110,7 мың адам.
«Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 1 133 отбасы (3 750 адам) қоныс аударды, оның ішінде 1 610 адам еңбекке қабілетті жаста. 1 075 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналастырылды және 76 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады, 4 адам оқуға жіберілді», деп жазылған Еңбекмині баспасөз хабарламасында.