• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Тамыз, 2021

Жамбылда 35 тоннадан астам жабайы сора жойылды

551 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында 35 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

1 маусымнан бастап өңірде «Қарасора-2021» Республикалық жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, есірткі заттарын жою жөніндегі көшпелі комиссия құрылды.

Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Меркі ауданының 5,5 гектар аумағында 102 килограмм жабайы сораны өртеу арқылы 5 тонна жойылды. Профилактикалық іс-шара басталғаннан бері барлығы 35 тоннадан астам жабайы сора жойылды.