Ақтаудың 16-ықшамауданында қоқыстан өрт шығып, екі өрт сөндіру көлігі жіберілді. Бұл туралы облыстың ТЖД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Құтқарушылардың айтуынша, 19 тамызда сағат 00:52-де 16-ықшамаудандағы №92 үйдің артындағы қоқыс өртеніп кеткен.
Оқиға орнына екі өрт сөндіру машинасы мен алты құтқарушы келді.
Жалын сағат 02:55 -те сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.