• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Тамыз, 2021

Алматыда вакцина паспортын жасаған емхана басшысы ұсталды

199 рет
көрсетілді

Алматыдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қаладағы поликлиника басшысын, оның қарамағындағылар мен делдалдарды жалған екпе паспортын жасағаны үшін ұстады, деп жазады Egemen.kz.

«Олар Алматы қаласының аумағында ақшалай сыйақыға 100-ден астам жалған вакцинация паспортын жасады және сатты деген күдіке ілінді. Яғни олар вакцина алу журналына және «Вакцинация» электронды модуліне әдейі жалған ақпарат енгізген», деп жазылған хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Ведоство ұсталғандар қай емханада істейтінін айтпады. Сонымен қатар ұсталған адамның лауазымы бас дәрігер емес, емхананың басшысы екенін нақтылады.