Алматылық «Қайрат» Конференция лигасы плей-офф кезеңінің бірінші матчінде Люксембургтің «Фоласын» жеңіп, турнирдің топтық кезеңіне бір қадам жақындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Люксембургте өткен кездесу 4:1 есебімен аяқталды. Алматылықтар сапынан Вагнер Лав 37 және 70-минутта гол соқты, бразилиялық шабуылшы екінші голын пенальтиден салды. Артур Шушеначев (28-минут) пен Рикардо Алвеш (43 -ші) бір мәрте көзге түсті. «Фоланың» жалғыз голын 19-минутта Мирза Мустафич салды.
Қарымта кездесу 26 тамызда Алматы Орталық стадионында өтеді, матч елорда уақытымен 20:00-де басталады. Бұл жұптың жеңімпазы Конференция лигасының топтық кезеңінде ойнайды.