Алматыда «Достық» метро станциясының құрылысына байланысты 20 тамыздан бастап екі троллейбустың бағыты өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алматы метросының» Достық «бекетінің құрылысына байланысты 20 тамыз бен 23 қыркүйек аралығында №6 және №25 троллейбустың қозғалыс схемасына өзгеріс енгізілді», деп хабарлайды Алматы мобильділік басқармасы.
№6 маршрут Шаляпин көшесінің бойымен батыс бағытта, Сайна көшесінің бойымен - солтүстік бағытта, Жұбанов көшесінің бойымен - батыс бағытта, Момышұлы көшесінің бойымен - солтүстік бағытта және одан әрі жүреді.
№ 25 маршрут Абай даңғылының бойымен батыс бағытта, Сайна көшесінің бойымен - солтүстік бағытта, Жұбанов көшесінің бойымен - батыс бағытта, Момышұлы көшесінің бойымен - солтүстік бағытта Қабдолов көшесіне дейін және одан әрі бағыт бойымен жүзеге асырылады.