• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Тамыз, 2021

Жамбыл облысында карантин шектеулері өзгерді

209 рет
көрсетілді

Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары 2021 жылғы 20 тамыздағы  қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп жазады Egemen.kz.

Жамбыл облысы nамыз айының 18 күнінде коронавирустық инфекция аурушаңдығының шілде айымен салыстырғанда 10%-ға, инфекциялық төсек-орындармен  толтырылу көрсеткіші - 60%, инфекцияның репродуктивтік мәні (R)-1,13 өсуіне байланысты «қызыл» аймақта.

Ашық аттракциондар жексенбіден басқа күндері жұмыс уақытысын шектей отырып, сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді. 

«Қызыл» аймақтағы «Ashyq көшбасшылары» мәртебесін алғандар «сары» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді.

Тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда, жұмыскерлердің (персоналдың) кемінде 90%-ы бірінші компонентпен вакцинациялау кезінде, объектінің толтырылуы 20%-ға артады.

Басқа да мекемелерге қойылған талаптармен Қаулыда танысуға болады.