• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2021

Қытайда үш балалы болуға рұқсат берілді

489 рет
көрсетілді

Қытайда парламент халық саны және жоспарлы босану туралы заңға түзетулер енгізді. Енді отбасыларға үш балаға дейін босануға рұқсат береді. Бұл туралы «Синхуа» ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, Қытай Халық Республикасының халық саны және жоспарлы босану туралы заңына енгізілген өзгерістер Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің (ҚҰТК тұрақты комитеті) жалғасып жатқан сессиясында қабылданды.

Бұған қоса, заң жобасы заң бұзған ерлі-зайыптыларға айыппұлды қоса алғанда, бұрынғы шектеу шараларын алып тастады.

Сондай-ақ бала күтіміне байланысты демалысты қарастыру және тұрғын үй массивтерінде, қоғамдық орындарда және жұмыс орындарында аналар мен балаларға көбірек бұрыштар мен арнайы жабдықтар жасау мәселесі көтерілді.

Халық саны және жоспарлы босану туралы заң 2002 жылы күшіне енген болатын. Ал 2015 жылы Қытай ерлі-зайыптыларына екі балалы болуға рұқсат берілді.