• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2010

ӨТКЕНГЕ — ҚҰРМЕТ, БОЛАШАҚҚА — СЕНІМ

596 рет
көрсетілді

Кеше Елбасының “Ақорда” резиденциясында Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі болып өтті. Аталған комиссияның кезекті отырысының ерекшелігі оның Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында өтіп отырғандығында. Қ.Саудабаев өз сөзінде былай деді: “Бүгінгі күн­дері адамзат тарихындағы ең қан­тө­гісті соғыстың ұлы батырлары­ның біздің арамыздағы саны азай­ып барады, Ұлы Отан соғысы ар­да­герлеріне қамқорлық пен шы­найы құрмет көрсету – біз үшін қа­сиетті парыз”. Мемлекет басшысы Н.Назар­баев тәуелсіздік алған жыл­дан бастап, жеңімпаз ұрпақ өкіл­де­рі­нің жағдайын жақсартуға жіті кө­ңіл бөліп келеді. Елбасының тап­сыр­масына орай комиссия соғыс ардагерлеріне және тыл еңбек­кер­леріне тиісті құрмет көрсету мақ­са­тында орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан жолданған тізімдерді қарады. Осы рет­те Қанат Бекмырзаұлы: “Менің пайымымша, біз бұл ерліктерді  өс­келең ұрпақты тәрбиелеудің, тәуел­сіз Қазақстан азаматтары үшін Отан­ға қажырлы да шексіз қызмет етудің жарқын мысалы ретінде пай­дала­нуымыз керек деп ойлаймын”, деді. Ұлы Отан соғысы шынымен де көпэтносты Қазақстан халқының әрбір отбасында дерлік өзінің қай­ғылы ізін қалдырғаны белгілі. Май­данға елімізден 1,2 миллион қазақ­стандық қолдарына қару алып со­ғысқа аттанса, соның тең жарымы ұрыс далаларында қаза тапты. Бүгінгі таңда елімізде 14 400 Ұлы Отан соғысы ардагері мен 258 мың тыл еңбеккері бар екен. Егер өткенімізді ризашылықпен есте сақтамасақ, онда жарқын болашақтың болуы да мүмкін емес. Қ.Саудабаев осылай дей келіп, сөзін былайша өрбітті: “Біз, тәуел­сіз Қазақстанның азаматтары, Ұлы Жеңіс батырларының ерлігін та­рихымызда сақтап, сүйіспеншілік пен қамқорлық танытып, еліміз үшін ерен еңбек етуге, Отан үшін жаңа жетістіктерге жетуге тиіспіз. Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қар­саңында мемлекеттік наградалар тап­сыру – бұл Ұлы Отан соғысы­ның қатысушылары мен тыл ең­бек­керлеріне және олардың ұлы ерлігіне Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың ерекше құрметі мен шы­найы қамқорлығы”. Комиссия отырысында ұсы­ныл­ған кандидатуралар Мем­ле­кет басшысының қарауына жібе­рілді. Наградтау туралы шешімді Елбасы Ұлы Жеңіс мерекесінің 65 жыл­дығы қарсаңында қабыл­дайды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.