• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Жасөспірімдерді жаман әдеттен қалай қорғаймыз?

10 рет
көрсетілді

Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде «Заң және тәртіп» қағидасы аясында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Жасөспірімдер арасында нашақорлық, лудомания, алкоголизм, буллинг және суицидтің алдын алу профилактикасы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 1-2 курс студенттерінен құралған 160 студент қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде жастар арасында нашақорлық, алкоголизм, лудомания, буллинг сияқты зиянды әрекеттер әлі тыйылмай тұр. Осының өзі мектептер мен колледждерде осы мәселеге жауапты мамандармен кездесу жасап, кеңес беру жұмысын күшейтуді қажет етеді. Осы орайда жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және тәрбие жұмысы аса маңызды.  

Жаман әдеттен жиренген жұрт

Жезқазған қаласы прокуратурасының аға прокуроры Хаджымұрат Серікбай және Жезқазған қаласы Полиция бөлімі Қылмыстық-құқық бұзушылықтардың алдын алу тобының инспекторы, полиция капитаны Азат Есенғабұлов жастарға өзекті мәселе қозғап, оның зардабын түсіндірді. Адам өміріне зиянды әрекеттерден аулақ болуға үндеді.

Жирен жаман әдеттен!

Кездесуге қатысқан білім алушылар да салмақты сұрақ қойып, белсенділік танытты.

Соңғы жаңалықтар