21 тамызда Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында күн 41 градусқа дейін ысып, өрт қаупі сақталады. Дәл осындай ыстық Орал қаласында да болады.
Ал Ақмола облысында 35 градус ыстық болады деп күтілуде.
Маңғыстау облысында 40 градус ыстық сақталады.
Қызылорда облысында күндіз солтүстік-шығыс, шығыс желдің күші 15-20 м/с болатын шаңды дауыл күтіледі. Өрт қаупі жоғары.