• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 20 Тамыз, 2021

Науқастар ауруханаға тек алдын ала жазылу арқылы бара алады

271 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева жаңа карантиндік жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысына және меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына:

1) COVID-19 күдігі бар адамдарды уақытылы анықтау және оқшаулау үшін барлық денсаулық сақтау объектілерінде сүзгілердің, пациенттердің бүкіл ағынының дене температурасын өлшеуге арналған тепловизорлары бар шлюздердің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуді;

2) бейінді мамандардың науқастарды қабылдау кезінде кезектердің туындауына жол бермеу,  екпе алу, клиникалық-диагностикалық зерттеулерден өту үшін (шұғыл жағдайлардан басқа пациенттерді алдын ала жазылу бойынша қабылдау), медициналық ұйым басшысының бұйрығымен медициналық ұйымның әрбір қабатында профилактикалық іс - шараларды бақылау және қамтамасыз ету үшін жауапты қызметкерді айқындау, персонал мен пациенттердің лас аймақтан таза аймаққа ауысуын болдырмау;

3) пациенттердің күнделікті ағынын хирургиялық және терапиялық бейіні бойынша бөлек бөлу, стационарлардың аймақтарға бөлінуі мен жұмыс режимін қатаң сақтау, медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігін сақтау;

4) меншік түріне қарамастан стационарларда карантинді сақтауды жалғастыру тапсырылды.