• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Тамыз, 2021

Алматыда бір көше ішінара жабылады

185 рет
көрсетілді

21 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында Алматыдағы Шагабутдинов көшесінің бір бөлігі көлік қозғалысы үшін жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2021 жылдың 21 тамызы мен 20 қыркүйегі аралығында Шагабутдинов көшесінде Қарасай батыр көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады. Енгізілген шектеулер осы көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбырды қайта құру үшін қажет», деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметі.

Белгіленгендей, жергілікті тұрғындарға ыстық су уақытша беріледі.

«Қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған бөлімді айналып өту жолдарын алдын ала қарауды сұраймыз», деді мекеме.