• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Тамыз, 2021

Әлемдегі эпидахуал қандай?

277 рет
көрсетілді

Сиднейде COVID-19 науқастары санының өсуіне байланысты карантин бір айға ұзартылды, деп жазады Egemen.kz.

Дүйсенбі, 23 тамыздан бастап күшіне енетін жаңа шектеулердің ішінде мегаполистің 12 ауданында 21:00-ден 05:00-ге дейін коменданттық сағат енгізіледі және үйден тыс жерде маска кию талап етіледі.

Черногория эпидемиялық жағдайдың нашарлауына байланысты шетелдіктердің елге кіру шарттарын қатаңдатты. Сондай-ақ, елде ашық аспан астында 50-ден астам ересек адамның жиналуына тыйым салынады.

Бірқатар елде тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандардың саны артты: Жапонияда 25 155 жағдай, Малайзияда 23 564 жағдай, Филиппинде 14 895 жағдай анықталды.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.