• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Тамыз, 2021

Павлодар облысында борышкерлер 7 млн теңге айыппұл төледі

250 рет
көрсетілді

Аймақ полициясы 18 тамыздан бастап әкімшілік айыппұл борышкерлеріне қатысты 313 материал қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Облыс полицейлері айыппұл төлемеген борышкерлерді 7 млн астам теңге төлетті. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша айыппұл төлемеген 943 борышкер тексерілді. Қарызын өтемеген 8 адамның көлігі айыппұл тұрағына қойылды, 313 әкімшілік материал қозғалды», деп баяндады Павлодар облыстық Полиция департаменті басқармасының бастығы Нұржан Таңатаров.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция 18 тамыздан бері аймақта «Борышкер» операциясын жүргізіп жатыр. Н.Таңатаров шараның мақсаты – әкімшілік айыппұл төлемей жүргендерді анықтау және оларға қатысты шаралар екенін қосып өтті.

«Рейд шаралары тек жолдарда емес, айыппұл төлемейтіндердің тұрғылықты мекен-жайлары бойынша да жүргізілуде», деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы.