• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елорда 21 Тамыз, 2021

Елордалықтар IQala орталығына жиі жүгіне бастады

165 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан тұрғындары IQala орталығына жиі жүгіне бастады. Жыл басынан бері орталық қызметкерлері 87 мыңнан астам қызмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz  қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

IQala қызметтері орталықтың фронт-офлайн форматында, сондай-ақ www.iqala.kz сайты арқылы онлайн ұсынылады.

Сервисті цифрландырудың арқасында порталдың көмегімен қызметтерді алудың танымалдылығы айтарлықтай өсті. Сайт арқылы алынатын ең танымал сұраулар – электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, сумен жабдықтау және су бұру бойынша шарттар жасасу.

Айта кетейік, қажетті қызметтерді www.iqala.kz порталы арқылы аптаның кез-келген күнінде, тәулік бойы алуға болады. Ол үшін порталда ЭЦҚ арқылы тіркелу, содан кейін қажетті ұйымды, одан әрі қажетті қызметті таңдау жеткілікті. Өтініштерді өңдеу мерзімдері регламенттелген. Клиент өтінішінің дайындығы туралы ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберіледі.

Қызметтерді алу үшін елордалықтар «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін фронт-кеңсеге де жүгіне алады. Бұл дегеніміз елорда тұрғындары мен кәсіпкерлеріне қызмет алу үшін әрбір коммуналдық қызметке жеке барудың қажеті жоқ. Енді барлық қалалық коммуналдық қызметтермен келісімшарт жасасу үшін фронт-кеңседегі «бір терезеге» жүгіну жеткілікті.

Бүгінде орталық елорда тұрғындарына тұрғын үй-коммуналдық сектордың 152 қызмет түрін көрсетеді. 

Естеріңізге сала кетейік, iQala қалалық қызметтер орталығы елорда әкімдігінің бастамасымен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында құрылды. Орталықтың жұмысын «Astana» ӘКК» АҚ жүзеге асырады.