• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Тамыз, 2021

СҚО-да мониторинг топтары бір аптада 28 тойды тоқтатты

194 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында мониторингілеу топтары дәмхана, мейрамхана, той өткізуге жалға берілетін коттедждерді бақылауға алған, деп хабарлайды Egemen.kz СҚО полиция департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың сөзінше, облыста құрамына түрлі мемлекеттік органдардың 160-тан астам өкілі кіретін 24 мобильді мониторинг тобы жұмыс істейді. Оның құрамында әкімдік, полиция өкілдері және қоғамдық көмекшілер мен волонтерлер бар.

Тексерістер әр аптаның соңғы күндерім - жұма, сенбі және жексенбі күндері жүргізіледі. 

СҚО-да жыл басынан шектеу шараларын бұзудың 1059 дерегі анықталды. Оның 28-і соңғы жеті күнде болған. Анықталған 1059 дерек бойынша 941 материал СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді. 118 материал бойынша полиция қызметкерлері мәліметтер жинақтап жатыр.

Санитар дәрігерлер 627 әкімшілік хаттама толтырды. Оның 578-і жеке тұлғаға, 30-ы заңды тұлғаға және 1 лауазымды тұлғаға қатысты, 241 материал тоқтатылды. Тағы 27 материал мамандардың қарауында жатыр.