• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2014

Мүмкіндіктер терезесі

520 рет
көрсетілді

Тауарлар мен өнімдер шығарудың әлемдік бәсекесінде белгілі бір ел, белгілі бір мемлекет шығаратын ресурстарға деген сұраныс басты фактор болып табылады. Мұндай бәсекеге сұраныс аз, кемшін болған жағдайда қай ел болмасын, оның осы бәсекеге төтеп беру қабілеті төмендейді. Өзінен өзі жұтылып кетеді. Мұның соңы сол ел экономикасының ілгері кетуінің орнына кері құлдырауына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Бәсекелестіктің күрделі құбылыс болатыны да сондықтан. Мұның алдын алмаса, мұндай қауіптің салқыны тереңдей беретіні тағы да аян.

 

Тауарлар мен өнімдер шығарудың әлемдік бәсекесінде белгілі бір ел, белгілі бір мемлекет шығаратын ресурстарға деген сұраныс басты фактор болып табылады. Мұндай бәсекеге сұраныс аз, кемшін болған жағдайда қай ел болмасын, оның осы бәсекеге төтеп беру қабілеті төмендейді. Өзінен өзі жұтылып кетеді. Мұның соңы сол ел экономикасының ілгері кетуінің орнына кері құлдырауына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Бәсекелестіктің күрделі құбылыс болатыны да сондықтан. Мұның алдын алмаса, мұндай қауіптің салқыны тереңдей беретіні тағы да аян.

Ал, ресурс дегеніміз мейлінше жан-жақты кең ұғым екені белгілі. Елбасы өз Жолдауында атап көрсеткендей, оның алдыңғы үштігіне энергия, азық-түлік және индустрия­ландыру өнімі кіреді. Егер алдағы жылдарда еліміздегі осы ресурстарға сұраныс арта түсетін болса, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына өту үрдісі де соғұрлым тезірек болмақ. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Н.Назарбаев айқын түрде мәлімдеді.

Ал, өнімге деген сұранысты қазіргі деңгейінен одан әрі көтерудің басты жолдары қандай? Мемлекет басшысы мұндай басы ашық сауалдың жау­абын да тайға таңба басқандай айқындап берді. Нақтырақ айтқанда, бүгінгі күнге дейін жасалған болжамдар мен стратегиялық зерттеулер бойынша қарастырғанда, алдағы 10-15 жыл бедерінде еліміздің ауқымында кең серпілістер жасалмақ. Бұған дейінгі кезеңде мүлдем қолданылмаған тамаша да жаңаша қадамдар белгіленбек. Мұны Нұрсұлтан Әбішұлы өз Жолдауында «мүмкіндіктер терезесі» деп атады.

Ендігі жерде осы «терезенің» барынша икемді болуы барша қазақстандықтар үшін үлкен сын. Елбасы атап көрсеткендей, «мүмкіндіктер терезесінің» мүмкіндігі барынша мол болуы сыртқы қолайлы ортаға байланысты болмақ. Сондықтан да алдағы уақытта сыртқы қолайлы ортаның сақталып қалуы біздің табыстарымыз бен жеңістеріміздің басты кілті болып қала бермек. Елбасы тарапынан осы ұтымды ұсыныс пен сындарлы ой-пікірдің Қазақстанның ресурстарымен байланыстырыла айтылуы өнімдерге деген сұраныс қарапайым мәселе емес екендігін көрсетеді.

Өнімге деген сұраныс мәселесін сөз еткенде отандық шағын және орта бизнестің жай-күйі мен оның даму үрдісін екінші кезекке ысыра салуға мүлдем болмайды. Өзінің Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев 2050 жылға қарай шағын және орта бизнес Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің 50 пайызынан кем болмайтын өнім шығаратынын шегелеп айтып берді. Қарапайым есепке шаққанда, мұның өзі еңбек өнімділігі 5 есе өсіп, бүгінгі 24,5 мың доллардан 126 мың долларға дейін жетеді деген сөз.

Әрине, бұл айтуға ғана жеңіл. Дәл осы арада Қазақстанның ресурстары мен өнімдеріне деген сұранысты өсірудің жаңа талаптары туындайды. Ойлап қарасақ, сан жағынан онша сорлы болмайтын секілдіміз. Ал, сапа ше? Осы мәселенің мұндай мәнісін осы бастан кеңірек пішіп ойластырғаннан еш ұтылмасымыз кәміл. Бір есептен, алдағы жылдарда бизнестегі өнім санының өсуін тек жақсы құбылысқа телуге әбден болады. Белгілі философиялық қисынға сайсақ, сан түптің-түбінде сапаға айналмай қоймайды. Бұл өз кезегінде қазақстандық ресурсқа деген сұраныстың өсуіне жеткізері кәміл.

Міне, Елбасы Жолдауынан түйген алғашқы ой-пікірімнің желісі осындай.

Аветик АМИРХАНЯН,

Орал қаласындағы

«Айдана» ЖШС-нің

бас директоры.

Батыс Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар