22 тамыздағы мәлімет бойынша, коронавирус инфекциясынан 123 773 адам емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.
Олардың ішінде 29 856 науқас стационарда жатса, 93 917 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1 927 адамның жағдайы ауыр; 523 пациенттің жағдайы өте ауыр; 249 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.