Мемлекет басшысы Алматы облысына сапары барысында Іле ауданындағы «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестінің жағармай шығаратын зауытында болды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы өндіріс үдерісі мен шығарылатын өнімдермен танысып, ағымдағы қызмет және одан әрі технологиялық жаңғырту жоспарларын тыңдады.
Зауытты аралап көрген Президент компанияның жұмысына оң баға беріп, табысты дамуына тілек білдірді.