• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2014

Халықтың қашанда айтары бар

240 рет
көрсетілді

Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғым­­­­баев «Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарға қабылдау жүргізді.

 

Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғым­­­­баев «Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарға қабылдау жүргізді.

Елорда мен республика өңірле­­рінің тұрғындары вице-министрге ескі паспорттарын ауыстырып, жаңа жеке куәлік алу туралы өтініштер білдірді. Атап айтқанда, Қарағанды қаласында тұратын Литвинов балалар үйінің тәр­биеленушісі Сергей Токаревте Қа­зақ­­­­стан Республикасы азаматының жеке куәлігі болмаса, Ілияс Ахмедханов 1974 жылдан бері паспортын ауыстырмапты.

Вице-министрге, сондай-ақ, ІІБ мен ІІД қызметкерлері қылмыстық істерді тексеруде жұртшылықты әуре-сарсаңға салатындығына шағымдар айтылды. Мәселен, Н.Ибраева есімді азаматша Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД қызметкерлері туысының қаза табу фактісі бойынша қылмыстық істі әділ тексермегені туралы арызданды.

С.Тәңірбергенова, Т.Байжол­ди­нов пен Б.Тілеубеков ұрлық пен алаяқтық фактісі бойынша Алма­ты және Алматы облысы ІІД қыз­меткерлері тарапынан қылмыс­тық істі тексеруді жылдамдату жөнінде өтініш айтты. Сондай-ақ, Республикалық қоғам­дық қабылдау бөлмесіне келген бірқа­тар азаматтар құқық қорғау орган­дары қызметкерлерінің заңсыз әрекет­теріне шағым білдірді.

«Республикалық қоғамдық қа­былдау бөлмесінде азаматтарды қа­былдау қорытындысы бойынша құқық қорғау органдары мен Ішкі істер ми­нистрлігіне мониторинг жүргіземіз, яғни қай өңірден шағымдар көп түсті, егер арыздар көп болса, сәйкесінше ол де­партаменттің жұмысындағы, сон­дай-ақ, басшылықтың қызме­тіндегі олқы­лық болып саналады. Бүгінгі күні айтыл­ған арыздар бақылауға алынды, ми­нистрлікке жолданғаннан кейін олар­ға жауап қайтарылатын болады. Ал аумақтық орган бір ай мерзім ішін­де тиісті шаралар қолданып, есеп беруі тиіс. Біз адамдардың мәселесін тү­бе­гейлі шешуге тырысамыз», деді Ішкі істер вице-министрі Е.Тұрғым­­­­­ба­ев.

Қабылдау барысында Е.Тұр­ғым­баев Астана қаласының 13 тұрғынына кеңес беріп, бейнемәжіліс байланысы арқылы Қарағанды, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарынан хабарласқан 5 адамның мәселесін өз қадағалауына алды. Қорытындылай келе, Ішкі істер вице-министрі аза­­маттардың өтініштері бойынша мә­селені шешу үшін аумақтық ор­ган­дарға бірқатар тапсырмалар берді.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар