• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2014

Жұмыстарын жалғастыратын болды

242 рет
көрсетілді

Жақын күндерде Теміртау электр-металлургия комбинатында бірден 600 еңбеккердің жаппай жұмыстан қысқартылатындығы жөніндегі хабар ұжым мүше­лерін абыржытқан еді. Оларға бұл кәсіпорынның жаңа қожа­йындарының түсіндіруі бойынша, бұрынғы басшылар самарқаулығы салдарынан комбинат банктерге берешекке белшесінен батқан, салық төленбеген көрінеді. Сондықтан өндіріс шатқаяқтап, кіріс табу төмендеп, жұмыстың құлдырауы шегіне жеткендіктен осындай шараға еріксіз мәжбүр болулары алға тартылып, ақыры мәлім етілуге тура келген.

Себеп-сылтаулары дұрыс болса, әрине, қиын жағдай. 2 мыңға тарта еңбеккердің қыс ортасында аяқ астынан 600-нің жұмыссыз қалмақтығы мұндай жай-күйге ешқандай кінәсі жоқтарға боса-болмасын тіпті ауыр тигендігін айтып жату артық. Бір жағынан комбинат басшыларын, сондай-ақ, ұжым мүшелерін тығырыққа тіреген кикілжің облыстық әкімдік тарапынан еленбесе күрделене түсердей еді.

Аймақ басшысы Бауыржан Әбдішевтің аталған кәсіпорынға арнайы келіп, жағдаймен тікелей танысып, мән-жайға толық қанығуы екі жақты да қинаған мәселенің шешімін табуына мүмкіндік туғыз­ды. Сабырлылықпен сал­мақ­­тап, терең ойластырылып, өз­ара түсіністік ескеріліп, байып­пен пайымдалу нәтижесінде күр­меуі шешілмейтіндей көрініп, ушыққалы тұрған жағдай жайланды. Келісімге сәйкес 300 адам аутсорсинг арқылы жұмыс орындарын сақтап қала алатын болды. Ал қалғандары уақытша басқа жұмыстарға ауыстырылып, өндіріс тынысы қалыптасқан бетте қайта оралып, үйреншікті орталарында еңбек етуді жалғастырады.

Бұлайша болуға мүмкіндік бар. Алдағы уақытта жаңа пешті іске қосу жобаланып отыр. Ол өндіріс қуатын арттыруға жағдай жасайды. Сонымен бірге осыған байланысты қосымша шаралар қолға алынады. Сөйтіп, Теміртаудағы іргелі кәсіпорындар бірінің көпке ұзамай қалыпты жұмыс ырғағына енуіне орай бұл күнде мұнда абыржушылық басылды.

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ТЕМІРТАУ.

Соңғы жаңалықтар