• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Тамыз, 2021

Аида Балаева журналист Сұлтан Оразалиннің отбасына көңіл айтты

495 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналист, телевизия ардагері Сұлтан Оразалиннің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Саналы ғұмырын қазақтың әдебиеті мен мәдениетін дәріптеп, туған тілінің тұғырын, ұлтының ұлық мүдделерін ту еткен есіл тұлға артына алты ұрпаққа азық болар шығармашылық үлес пен ғылыми мұра қалдырып кетті. Тәуелсіздіктің таңында тәй-тәй басқан жаңа елдің игілігіне қызметке келіп, жас мемлекеттің ұлттық өрісін кеңейтуге білек сыбана кіріскен Сұлтан ағамыз жылдар өте Үкімет пен Президент жанындағы түрлі алқалардың айнымас мүшесі, ақылман абызына айналды

Отандық тіл саясаты, өнер мен мәдениет мәселелеріне қатысты құнды ғылыми ізденістері мен кесек ойлы шығармалары өскелең ұрпақтың ілім-біліміне қосылған үлкен мирас еді. Десе де, ұлы тұлғаның осынау ұлық жолы мен өнегесі оның өмірінің рухани жалғасы боп мәңгілікке ел есінде қалады. Жатқан жеріңіз жарық, иманыңыз берік, топырағыңыз торқа болсын, асыл аға!

Осынау қайғыға ортақтасып, марқұмның отбасы, туған-туыстарына көңіл айтамын», деді министр.