Өткен үш күннің ішінде карантин талабын бұзған 44 мекеме жауапқа тартылды, деп жазады Egemen.kz.
22 тамызда мониторингтік топтар қаланың 5 кәсіпкерлік объектісінде карантин талаптары сақталмағанын анықтады.
Есіл ауданында белгіленген жұмыс режимін «Панаехали» бары мен «Мята» лаундж-бары бұзған.
Сарыарқа ауданындағы тәртіп бұзушылар тізіміне «Brio» караоке-бары мен «Стамбул» клубы кірді. Сондай-ақ карантиндік шаралар Байқоңыр ауданында орналасқан «Mafia» караоке-барында ескерілмеді.
Айта кету керек, соңғы үш күнде мониторингтік топтар қаланың 44 кәсіпкерлік объектісінде санитарлық нормалар бұзылғанын анықтады.
Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған барлық материал санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.
«Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. COVID-19 вирусының одар әрі таралуына жол бермес үшін қала қонақтары мен тұрғындарына, сондай-ақ кәсіпкерлік объектілеріне барлық санитарлық нормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтау ұсынылады», деп жазады қала әкімінің сайты.