Қаржы полициясы қызметкерлері Алматы облысы ревизиялық комиссиясының бас бақылаушы-тексерушісін пара алды деген күдікпен ұстады. Бұл туралы Gazeta.kz хабарлады.
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) баспасөз қызметінің мәліметіне жүгінсек, облыстың бас контролер-ревизоры Іле ауданында орналасқан 5 мектептің тексеру қорытындысына жағымды акт жасау үшін 1,8 млн.теңге пара алды деп айыпталған. Қазір бұл азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Құқық қорғау қызметкерлері осыған қатысты толық мәліметті тергеу мүддесіне сай жариялаған жоқ. Сондықтан алдағы уақытта бұл жөніндегі мәселеге қайта оралатын боламыз. Белгілісі, айыпкер ешқайда кетпеу қолхатымен тергеушіге жауап беруде.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: Gazeta.kz.
Фото: Inform.kz.