Доллар теңгеге қатысты төмендеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz KASE Қазақстан қор биржасының мәліметтеріне сілтеме жасап.
Таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,67 теңгеге төмендеп, 424,19 теңгені құрады.
Kurs.kz ұсынған деректерге сәйкес, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы - 424,15 теңге, ал сатылымы - 425,70 теңге. Елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны орташа есеппен 423,84 теңгеден сатып алса, 425,10 теңгеден сатады.
Ұлттық банк долларының 24 тамыздағы ресми бағамы 426,00 теңгені құрайды.