• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 24 Тамыз, 2021

Елімізде қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындар анықталды

652 рет
көрсетілді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қоршаған ортаға ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша неғұрлым ірі I санаттағы елу объектінің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тізімге темір кендерін өндіру және байыту, бейорганикалық қышқылдар мен минералды тыңайтқыштар өндірісі, цемент және әк өндіру, мұнай және табиғи газ өндіру және басқа да бейорганикалық химиялық заттар өндіру саласында жұмыс істейтін 50 кәсіпорын кірді.

Кәсіпорындардың тізімін «Ашық НҚА» сайтынан көруге болады, құжат 7 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауына орналастырылған.