• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Тамыз, 2021

Суданда су тасқыны 52 адамның өмірін қиды

160 рет
көрсетілді

Суданда нөсер жаңбыр мен су тасқыны 52 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Мұндай дерек Судан азаматтық қорғаныс кеңесінің өкілі Абдул-Джалил Абдул-Рахимнің мәлімдемесінде айтылған.  Оның сөзінше, елдің солтүстігінде орналасқан Ніл провинциясында 26 адам қайтыс болған. Шенеунік апаттан 12,5 мыңнан астам ғимарат бүлінгенін, 3890 үй толығымен қирағанын жеткізді.