• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Тамыз, 2021

Молдовада қазақстандық жауынгерлердің құрметіне мемориал ашылды

236 рет
көрсетілді

77 жыл ішінде алғаш рет Молдова Республикасының аумағында аты аңызға айналған «Шерпен плацдармы» биіктігінде Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған мемориал ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2021 жылы Молдова Республикасына естелік вахтасына барған «Майдан жолы» Павлодар іздестіру зерттеу жасағының іздеушілері Қазақстан тарихындағы алғашқы қазақстандық іздеушілер болды», деді жасақ командирі Александр Шитов.

Оның айтуынша, 2020 жылдың ішінде ресейлік тарихи-патриоттық клубтың, «Август» іздеу жасағының арқасында және Қазақстанның Кишинев қаласындағы елшілігінің қолдауымен Павлодарлық «Майдан жолы» іздеу жасағының командирі келіссөздерді сәтті өткізді. Нәтижесінде еске алу вахтасын ұйымдастыру жөніндегі жоба мақұлданып, қолдау тапты. Сонымен қатар, Молдова Республикасының Новоаненский ауданының аумағында далалық іздестіру жұмыстарын жүргізуге ресми рұқсат алынды.

«Молдовадағы шерпен мемориалы Ресейдегі Мамаев қорғанына және Беларусь Республикасындағы Брест қамалына ұқсас. Бұл - қатыгез, қанды шайқастардың орны, бұл - соғыстың бетбұрыс сәтінің бастауы болды», деді спикер.

Демеушілердің қаржылай қолдауының арқасында Павлодарлық «Майдан жолы» іздестіру жасағы хабар-ошарсыз кеткен жерлестерін іздеу және Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерді мәңгі есте қалдыру үшін Молдова Республикасына аттанды.

Ескерткіштің дизайнын «Майдан жолы» жасағының командирі Шитов Александр дайындады, ал ескерткіштің өзі Молдовада жасалды. Жоба Молдавияны фашизмнен азат етудің 77 жылдығы мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында іске асырылды.