• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 25 Тамыз, 2021

Степногорде көпқабатты үйден өрт шықты

288 рет
көрсетілді

Степногор қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде болған өртті сөндіру барысында автосаты көмегімен бес адам құтқарылып, 15 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Степногор қалалық өрт сөндіру бөліміне 9-шы шағын аудандағы 46-үйде пәтердің өртенгені туралы хабар түскен.

«Өрт алтыншы қабаттағы бір бөлмелі пәтерден шықты. Өрттен көрші пәтерлердің есіктері зақымдалды, өрт аумағы 30 шаршы метрді шарпыды», деп түсіндірді Степногор қаласының ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Арман Шаяхметов.

Автосатының көмегімен бес адам құтқарылды, баспалдақ маршы бойынша 15 адам, оның ішінде бір бала эвакуацияланды.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Пәтер иесінің айтуынша, өрт балконда тұрған киімге түскен темекі тұқылынан тұтанған. Ақмола тұрғындары бүкіл мүлкінен айырылған отбасыға көмектесуді бастап кетті.